{metadescription}
Қарағанды қаласының бір бөлігі жарықсыз қалды
Қарағанды қаласының бір бөлігі жарықсыз қалды

Қарағанды қаласының бір бөлігі жарықсыз қалды

Қарағандыда жоғарғы кернеулі электр желілері өртеніп, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Жарық беруші компания апатқа электр бағаналарының астына жиналған қоқыстың өртенуі себеп дейді. Алайда жақын маңайдағы тұрғындар қосалқы станцияда жарылыс болғанын айтады.

Видеоны сол маңдағы тұрғындар түсіріп алған. Олар көрген көзде жазық жоғын айтады. Алайда қала билігі мен энергетиктер бәленің бәрін тұрғындарға жауып отыр. Айтуларынша, белгісіз біреулер бағаналардың астында жатқан қоқысты өртеп, қызыл жалын желілерді балқытқан. Тіпті қоқысты өртеген адамды іздеп те жатыр екен. Жарық беруші компания түнімен жөндеу жүргізіп, қараңғыда қалғандарға бүгін жарық берді. Бірақ тұрғындар кінәні басқадан іздегенше, тозығы жеткен қосалқы станцияларды жааңартса дейді.

Наталья Несмачная, Қарағанды тұрғыны:

- Ешқандай да от қою деген болған жоқ. Қосалқы станцияда екі рет жарылыс болғандай дыбысты бәріміз естідік. Содан кейін айнала әппақ болып кетті. Сымдардан шашыраған ұшқындар ағаштың құрғаған бұтақтарына түсті. Енді келіп біреу от қойған деп елді алдамай ақ қойсын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.