{metadescription}
Риддер жұрты жаңа баспанаға шілдеде қоныстану керек
Риддер жұрты жаңа баспанаға шілдеде қоныстану керек

Риддер жұрты жаңа баспанаға шілдеде қоныстану керек

Риддерде тілсіз жаудың кесірінен далада қалған жұрт жаңа баспанаға шілде айында қоныстануы керек. Шығыс Қазақстан обылысына барған еліміздің премьер- министрі шенеуніктерге осындай міндет жүктеді.

Асқар Мәмин зардап шеккен тұрғындармен  кездесіп, салынып жатқан баспаналардың құрылысын тексерді.

Қазір зардап шеккен отбасыларға арналған 34 үйдің құрылысына бес мердігер мекеме жұмылдырылған. Әр баспананың ауданы – 80 шаршы метр. Тамыз айының ортасына дейін құрылысты толық аяқтау жоспарланған. Алайда Үкімет басшысы шілде айына дейін далада қалғандар баспаналы болуы керек дейді. Өйткені бір күнде барынан айырылғандар туған-туысы мен қонақ үйді паналап жүр. Асқар Мәмин өрт жалмаған ауылды қалпына келтіруге жарты миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетінін жеткізді.

Асқар Мәмин, ҚР премьер- министрі:

- Қазір 30 үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр.  Құрылысты өңір әкімі Даниал Ахметов 15-тамызда бітіреміз деп отыр. Бірақ жылдамдату керек. Негізі жұрт шілде айында жаңа баспанаға қоныстануы қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде