Қарағандыда құйылатын «Спутник-V» вакцинасына сұраныс көбейген
Қарағанды фармацевтика зауытында құйылатын ресейлік «Спутник-V» вакцинасына ел қолқа салып жатыр. Вакцина дайындайтын шикізатқа деген сұранысқа орай зауыт басшылығы еліміздің денсаулық сақтау министрілігімен арадағы келісімшарт мерзімін тағы ұзартпақшы.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
24.05.2021
Сергей Барон, «Қарағаны фармацевтика кешені» ЖШС директоры:
- Түрлі мемлекеттерден хабарласып, сұрап қызығушылықтарын білдіріп жатыр. Тапсырыс аламыз әрине, бірақ қазір Қазақстанмен арадағы келісім шартты орындауымыз қажет. Одан кейін экспортқа жұмыс істейтін боламыз.
Келісімшарт бойынша зауыт «СК Фармацияға» маусым айына дейін «Спутниктің» 5 миллион дозасын тапсыруы қажет. Сұраныс бәсеңдемесе, келісім шарт мерзімі ұзарады. Фармацевтттер бұған дайынбыз дейді. Зауытта күніне екпенің 150 мың дозасы құйылады. Сондықтан қазір өндіріс орны екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Мамандар екі компонетті алу арасындағы уақыттың ұзаруы денсауыққа еш зиян емес дейді. Сонымен қатар әлемде вакцина шикізаты мен оларды құятын құтылардың тапшылығы орын алып жатқанын растады. «Бірақ өзімізде құйылып жақтандықтан Қазақстан вакцинасыз қалмайды», - дейді зауыттағылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!