{metadescription}
Шенеуніктер Ashyq қосымшасының ақауына кешірім сұрады  
Шенеуніктер Ashyq қосымшасының ақауына кешірім сұрады  

Шенеуніктер Ashyq қосымшасының ақауына кешірім сұрады  

Ashyq қосымшасы үшін шенеуніктер бүгін жұрттан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бұған соңғы күндері қосымша жұмысында орын алған ақаулар себеп. Цифрлық даму министрлігі уақытша келеңсіздікті қосымшаның мемлекет меншігіне өтуімен байланыстырады.

Әсет Тұрысов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Ashyq-пен болған ақаулар және техникалық проблемалар үшін азаматтардан кешірім сұраймын. Бұған дейін айтқанымдай, қосымша мемлекет меншігіне өтті. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» оператор ретінде  Ashyq-та кеткен кемшіліктерді түзеп, техникалық ақауларға жауап береді. Ондағы мамандар тәжірибелі, олар сервистің жақсы жұмыс істеуін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

Дегенмен алдағы уақытта қазақстандықтар өзінің мәртебесін басқа да танымал мобильді қосымшалар арқылы тексере алады. Бұл мәселе бойынша банктермен келіссөз жүргізіліп жатыр. Сондықтан Ashyq қосымшасына сенбейтіндерге оны жүктеудің қажеті де жоқ сияқты. Жоба іске асқалы «қызыл» мәртебемен 2600-дей, «сары» түстегі 2000 адамның үйінде жатпай, әрі-бері жүргені анықталыпты. Тіпті арасында ұшқандары бар. Ал Ashyq қосымшасы «көк» мәртебедегі азаматтардың жағдайын анықтауға әзірге қауқарсыз. Өйткені олар туралы ақпарат деректер базасында жоқ. Кемшін тұстары көп екеніне қарамастан, жобаны құптаған нысандар баршылық. 31-мамырдан бастап Түркістан, Шымкент, 7-маусымнан Ақтау мен Қостанай әуежайлары тек Ashyq-пен жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.