{metadescription}
Атырауда 26 жастағы қызды автобус басып кетті   
Атырауда 26 жастағы қызды автобус басып кетті   

Атырауда 26 жастағы қызды автобус басып кетті   

Ажалы автобустан болды. Атырауда жолдан асығып өтемін деген әйелді қоғамдық көлік басып кетті.   

Қайғылы жағдай кеше кешкісін болған. Екі көшенің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 26 жастағы бойжеткенді бұрылыстан қатты келген автобус қағып кетті. Жүргізуші тежегішін басып та үлгермеген. Қызды қос дөңгелекпен мыжып өткен соң барып әрең тоқтаған. Қоғамдық көлік жеке автопаркке тиесілі. Қазір 49 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.  

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облысы  ПД баспасөз хатшысы:

- Қаладағы Ерғалиев пен Баймұханова көшелерінің қилысында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан жүріп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан 94 жылы туған азамат оқиға орнында қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.