{metadescription}
Тыйым салынған аумақта от жаққандар жауапқа тартылып жатыр
Тыйым салынған аумақта от жаққандар жауапқа тартылып жатыр

Тыйым салынған аумақта от жаққандар жауапқа тартылып жатыр

Аптап ыстықтың алдында төтенше жағдай қызметі дала өртін болдырмау жұмысын пысықтап жатыр. Бүгіннің өзінде тыйым  салынған аумақта от жаққан үш адам әкімшілік жауапқа тартылып ескерту алды. Ережені елемегендерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 29 110 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мамандар жаз маусымында жұмыстың көбейгенін айтады. Демалушыларға өрт қауіпсіздігіне қатысты нұсқама таратып шықты. Өйткені тілсіз жау саны былтырғы салыстырмалы кезеңге қарағанда биыл 5 пайызға өскен. Көбінесе далалы жерлердегі алапат өртке адами фактор себеп болатынын алға тартады. Тыйым салынған орындарда от жағып, темекі тұқылдарын тастап кетуінен туындауда. Соңғы үш айдың ішінде бір ауданның өзінде 6 жағдай тіркелген. Соның салдарынан 4 мың шаршы метрден астам аумақта өрт болған.

Ердос Бекбатшаев, Бостандық ауданы ТЖБ аға-инженері:

- Демалушыларға табиғат аясына шыққан кезде арнайы белгіленген орындарда от жағуға рұқсат етілген және ол сол ошақтың қасына су құйып қоюы керек. Сол уақытта жел көтеріліп, шоқ ұшатын болса, шоқты өшіру керек. Ал рұқсат етілген жерлерде арнайы цементпен жер құйылған, астында шөбі жоқ. Ашық алаңда жасалған. Тал, ағаш ол жерде жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде