Ақтөбеде босанып қайтыс болған келіншек ковидтен көз жұмды ма?
Ақтөбеде босанып қайтыс болған келіншектің туыстары марқұмның өлімін коронавируспен байланыстарған дәрігерлерге өкпелі. Осыдан бір апта бұрын перинаталдық орталықтың басшылары 30 жастағы Аймира Атшыбаева короновирус пневмониямен ауырғандықтан қан көп кетті деп мәлімдеген болатын.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.05.2021
Қазина Дүйсенбаева, марқұмның әпкесі:
- Олар өтірік жала жауып тұр. Бұлар ковидке аударып салып, сотта ештеңе болмасын деген сылтауы. Коронавирус деген ешқандай ауру болған жоқ онда. Карантинге жату керек еді. Мына жақта қарап жатқан бас дәрігері бар емес пе? Нәтижесін шығармай ма? Ауру тарихына жазу керек.
Аймира Атшыбаеваны тоғыз ай бойы бақылаған емхана дәрігерлері де марқұмның қауіпті індет жұқтырғанын жоққа шығарады. Былтыр тек аллергиясы мен бронхит дертімен үш күн ғана ауруханада ем алған. Одан өзге денсаулығында еш кінәрат болмапты.
Бір апта бұрын Аймира Атшыбаева босанғаннан соң жарты сағаттан кейін қан кетіп, ота үстінде қайтыс болды. Ал оны ковидті пневманиямен ауырды деген перениталды орталықтың директоры Асхат Балықов қызметінен кетті. Қазір оның орнына осы перзентхананың бұрынғы басшысы Гүлшат Темірбаева қайта келген. Кезінде ол да ана өлімінен соң өз еркімен арыз жазып жұмыстан кеткен болатын. Денсаулық сақтау басқармасындағылар одан өзге басшы маман таба алмадық деп отыр.
Айгүл Куштаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Біз қарапайым дәрігерді қоя алмаймыз ғой. Білікті маман, осы саланы білетін маманды қоямыз. Біздің шешімімізбен әзірге Гүлшат Балгазиевнаны міндетін атқарсын деп қойдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!