{metadescription}
Ақ ұлпадан шыққан өрт Ақорда мен әкімшілікке дейін жетті
Ақ ұлпадан шыққан өрт Ақорда мен әкімшілікке дейін жетті

Ақ ұлпадан шыққан өрт Ақорда мен әкімшілікке дейін жетті

Нұр-Сұлтанда теректен түскен ақ ұлпа тұтанып, 250 шаршы метр аумақ жанып кетті. От сол жағалаудағы Ақ орда мен әкімшілік ғимараттардың жанына дейін жеткен.

Бас қаланың өрт сөндірушілері биыл ұлпа жер-көкті басып қалғанын айтады. Оны балалар сіріңкемен жағып ойнап, соңы өртке ұласуда. Темекі тұқылын да көрінген жерге тастай салмау керек.

Елордада бір тәулікте тек мамық өртімен 53 дерек тіркелген. Синоптиктер осы апта Нұр-Сұлтанда күн райы 36 градусқа дейін көтеріліп, ұлпаны басатын жауын-шашынның болмайтынын да ескертті. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарды қауіпсіздік шарасына бейжай қарамауға шақырады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде