Ауылдық округтер әкімін енді тек ауыл тұрғындары сайлайды
Ауылдық округтер әкімін енді тек ауыл тұрғындары сайлайды. Ал саяси партиялардың Мәжіліске өтуіне шекті көрсеткіш 7-ден 5 пайызға түсіріледі. Енді тіпті сайлау бюллетеньдерінде «Бәріне қарсымын» деп белгілуге болады. Осындай негізгі үш өзгеріс енгізілген
Автор: Ербол Тұрымбет
25.05.2021
Сайлау туралы заңға бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Мұны демократияға жасалған нақты қадам деп бағалаған сарапшылар, әсіресе ауыл жағдайын көтеруге зор септігі тиетінін айтып отыр.
Мәдина Бектенова, Қазақстан стратегия зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері:
- Ол деген тікелей сайлау процесі болады. Халықтың өзі сайлайды. Халықтың өзі сайлағанда да тек партиядан ғана емес, жалпы адам өзін ұсынуға да мүмкіндік алып отыр. Ауыл жағдайын жақсартуға, жергілікті тұрғындардың белсенділігін, өз бюджетін қалыптастыру, ол бюджетті дамыту мәселесі, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын, тұрғылықты жағдайын көтеруге көп септігін тигізеді деп күтеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!