{metadescription}
Борышкерлердің несие тарихының сақталуы екі есе қысқартылады
Борышкерлердің несие тарихының сақталуы екі есе қысқартылады

Борышкерлердің несие тарихының сақталуы екі есе қысқартылады

Борышкерлердің несие тарихының сақталуы екі есе қысқартылады. Банк, микроқаржы және коллектор қызметін реттеу туралы өзгеріс енгізілген заңға бүгін президент қол қойды. Құжат негізінен коллекторлар мен борышкерлердің ара қатынасын реттеуге арналған.Парламент аталмыш заңға бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды сәуір айында енгізген болатын. Енді несиесін төлей алмай, банктердің "қара тізіміне" енгізілген клиентке қатысты ақпарат 5 жыл сақталады. Бұрын ол 10 жыл бойы тұратын.

Жаңа талап бойынша коллекторлық агенттіктер борышкермен болатын кез келген әңгімесін видео және аудио жазбаға түсіру керек. Бұл коллекторлар тарапынан заңбұзушылықты болдырмауға септігін тигізуі тиіс.

Борышкерге коллекторлық агенттіктің атына тіркелмеген телефон нөмірімен хабарласуға болмайды. Оның үстіне заңға агенттіктің ең төменгі жарғы капиталы болуы керек деген талап енгізілген. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, соңғы жылдары еліміздегі 165 коллекторлық агенттіктің үстінен шағымданушы саны көбейген. Ал коллекторларға қатысты соңғы үш жылда 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде