{metadescription}
Бейнеуде соңғы қоңырау жаппай төбелеспен аяқталды
Бейнеуде соңғы қоңырау жаппай төбелеспен аяқталды

Бейнеуде соңғы қоңырау жаппай төбелеспен аяқталды

Маңғыстау облысында соңғы қоңыраудың соңы жаппай төбелеспен аяқталды. Бейнеу ауданындағы екі мектептің түлектері жанжалдасып жаға жыртысуға дейін барған.

- Қырғын болып жатыр. Мына шеті Абай, мына шеті Алтынсарин, Қалдығараев деген. Ата-аналар, балаларыңызды алып кетіңіздер.  

Бас-көзге қарамай бір-бірін төмпештеген Ыбырай Алтынсарин мен Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің 11-сынып оқушылары. Бейнеу ауданындағы екі мектептің 40-қа жуық түлегі бір жерде кездесіп, өзара келіспей қалып, көшенің қақ ортасында төбелескен.

Бұзақылық бабымен жеті оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Барлығы мектепаралық кикілжіңнең шыққан», - дейді полиция департаменті. Балалардың ешқайсысы да шағыммен ауруханаға бармаған.   

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Оқиға орнынан 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтауға полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті 293 бабы, бұзақылық бойынша Бейнеу ауданының полиция бөлміне тіркелді. Полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалары үшін жауапкершілік түрін ескертеді. Мектеп оқушыларын қадағалауды шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде