{metadescription}
COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны төмендей бастады
COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны төмендей бастады

COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны төмендей бастады

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған  науқас саны бәсеңдей бастады. Бүгін індет 1558 адамнан анықталды. Ал бұл көрсеткіш өткен тәуліктермен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Бірқатар өңірде карантин шектеуі жеңілдетілді. Тіпті «қызыл» аймақтағы Қарағанды облысында кейбір нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.  Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарындағы үш қала «сары» аймаққа өтті.

Қарағанды облысы «қызыл» аймақтың құрсауынан шыға алмай тұр. Өңірде күн сайын індеттің ілмегіне іліккендердің қатары артуда. Дегенмен еліміздің бас санитары шығарған соңғы қаулыдан кейін мұндағы тіршілікке сәл болса да өзгеріс енгізілген. «Ашық» жобасына қатысушы дәмхана, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына енді еркін кіруге болады, бірақ белгіленген тәртіппен. Ал той-томалаққа рұқсат жоқ.

Айгүл Шатекова , Қарағанды облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Көрермендермен спорттық жиындар 20 пайызға толғанда өткізіледі. Ойын- сауық нысандарына тыйым салынған қызмет түрлерінің ішінде, жобаға қатысуға кемінде бір адамға төрт шаршы метр, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңды қамтамасыз ету шартымен лотерея клубтары мен лотерея өткізудің өзгеде жері қосылып отыр.

Бір күн «жасыл» аймақта тұрған Маңғыстау облысы «сарыға» қайта ойысты.  Мұнда эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз. Мамандар бұған тұрғындардың санитарлық талапты сақтамауы себеп болып отыр дейді. Соның кесірінен қазір стационарларда 237 адам ем алып жатыр. Оның 20-сы кәмелетке толмағандар.  

Мадина Рахметова, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің бас маманы:

- Белгіленген карантин шарасына немқұрайлы қарап, қоғамдық орындарға  баруды тоқтатпай, бетпердесіз, ара қашықтықты сақтамай, ауру деңгейін көтеріп отырмыз.

Өскемен, Семей және Аягөз ауданы да «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Қазір шектеу шаралары облыстың барлық аумағында 6-маусымға дейін ұзартылды. Дегенмен жазғы демалыс орындарына карантин тәртібін  сақтай отырып туристік маусымға дайындалуға рұқсат берілді. Алайда демалушылардың қолында ПТР-тест қорытындысы болуы шарт. Өйткені аймақта соңғы тәуілікте 73 адамнан COVID-19 анықталды.

Қанат Тұрдиев, ШҚО санитария-эпидемиология бақылау департаментінің басшысы:

- «Жасыл» аймақта мейрамхана, кафе түріндегі қоғамдық тамақтану нысандары, жазғы алаңдарына сағат түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Діни бірлестік нысандары жабық үй жайында 30 пайызға дейін, яғни 100 адамнан аспайтын сыйымдылықпен іс-шара өткізуіне рұқсат.

Соңғы бір тәулікте елімізде 1558 адам қауіпті індет жұқтырған. Қазір қауіптің «қызыл» деңгейінде қос қаламен үш облыс тұр.  «Сары» аймақта бес облыс пен бір шаһар бар. Қалғаны өңірлерде жағдай тұрақты.

Қазақстан індет жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемнде  104-ші орында тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде