Алексей Цой: Жазда жағдай ушығуы мүмкін
Маусым-қыркүйек арасында COVID-19 жұқтырушылар саны 95 мыңға жетуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаз айларында жағдайдың қаншалықты ушығуы мүмкін екенін атады. Оның айтуынша, вакцинаны халықтың 60 пайызы ғана салдырса, жағдай осыған әкеледі.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.05.2021
Ал нақты көрсеткіштерге қарасақ, жаздың үш айында ел тұрғындарының шамамен 80 пайызы вакцина салдыруы керек. Бұл жағдайда вирус жұқтырушылар саны болжамды түрде 70 мыңға таяп қалады. Егер халықтың вакцина салдыру көрсеткіші тіпті артып 95 пайызы салдырып үлгерсе, жазғы үш айда 61 мың адам ғана жұқтыруы мүмкін дейді министр Цой. Бірақ мұның бәрі халықтың белсенділігіне байланысты.
Қазіргі мәлімет: үш миллиондай доза вакцина салынған. Оның 2 миллионнан астамы бірінші бөлігі болса, миллионға жуығы екінші бөлігін салдырғандар. Осы күндері бүкіл екпе салу орындарында вакцинаның бірінші бөлігінен 320 мың, екінші бөлігінен 650 мың доза дайын тұр. «Бұл жеткілікті», - дейді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!