Павлодар облысында аға тергеуші прокуратура ғимаратында өзін атқан
Павлодар облысында полиция қызметкері прокуратура ғимаратында өзіне оқ атты. Ауыр жарақат алған тәртіп сақшысын әріптестері бірден ауруханаға жеткізген. Өмірімен қош айтысқысы келген тәртіп сақшысына шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
25.05.2021
Жантүршігерлік жағдай шағын Железинка ауылында орын алды. Прокуратура ғимаратының ішінде өзіне оқ атқан аға тергеушінің бұл әрекетке баруына не себеп болғанын ешкім білмейді. Қазір тек өзін өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Рашад Өтеуов, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары:
- 23-мамырда сағат 18:10 шамасында Железинка ауданының аға тергеушісі табель қарудан оң иығына оқ атқан. Бұл дерекпен ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Ал жәбірленушінің денсаулы қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!