{metadescription}
Меткомбинатта екі жұмысшы күйіп қалды – Теміртау
Меткомбинатта екі жұмысшы күйіп қалды – Теміртау

Меткомбинатта екі жұмысшы күйіп қалды – Теміртау

Теміртауда металлургиялық комбинатта екі жұмысшы балқыған темірге оңбай күйіп қалды.

Апат конверторлы цехтегі балқыған шойынды тасымалдайтын кранның маңында болған. Кенеттен ыстық шойыны бар астау құлап,балқыған темір екі адамның үстіне құйылып кеткен. Екеуі де сол кранның машинистері. 27 жастағы жұмысшының денесінің 35 пайызы күйсе, 37 жастағы азаматқа балқып тұрған шойын бастан аяқ төгілген. Оның денесінің 70 пайызы күйіпті. Дәрігерлер екеуінің де жағдайы ауыр деп отыр. 

Ерік Шонбаев,  Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия  ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі:

- Олар алдымен Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін облыс орталығына жеткізу шешімі қабылданды. Өйткені екеуінің де жағдайы тұрақты түрде ауыр. Барлық ем шараларды жасап, отаға дайындап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.