{metadescription}
Вакцина салдырғандарға 20 пайызға дейін жеңілдік қарастырылды
Вакцина салдырғандарға 20 пайызға дейін жеңілдік қарастырылды

Вакцина салдырғандарға 20 пайызға дейін жеңілдік қарастырылды

Азаматтарды вакциналауға келтіру үшін дәрігерлер небір шара ұйымдастыруға мәжбүр. Алматыда екпенің екі компонентін қабылдағандарға қаладағы кейбір қызмет түріне жеңілдік ұсынылады. Кешеден бері вакцина салғызған 150 шақты адам көңіл көтеретін орынға 10 пайыз жеңілдік алды.  

Елімізде бүгінге дейін бір миллионға жуық адам екпенің екі компонентін қабылдаған. Енді вакциналау паспорты бар кез келген қала тұрғыны біршама мүмкіндікке ие болады. Кинотеатр мен фитнес орталығы, компьютерлік клуб пен кофеханаға келушілерге 20%-ға дейін жеңілдік ұсынылады. Қоғамдық тамақтану орындары, көшедегі фаст-фуд, ойын-сауық орталығы, боулинг, бильярд, картинг, караоке клубтардың иелері де дәрігерлерге қолдау көрсетіп отыр. Акция аясында көлігіңізді де  5-10 пайыз арзанға жуғызуға болады. Бұл жобаға қатысуға бір ғана ауданның өзінде 30-дан аса кәсіпкер келісім берген. Өйткені Алматы "қызыл" аймақтан үш айға жуық шыға алмай тұр, сондықтан кәсіпкерлер карантин шектеулерінің кесірінен шығынға әбден батқан. Олар эпидахуалды вакцинациялаудың арқасында оңалтуға септігін тигізгісі келеді.    

Нұрбол Мырзатаев, кешен басшысы:

- Пандемия кезінде жұмыс істемегеннен гөрі, тым құрыса осылай жеңілдік жаса. Жұмыс істеген өзімізге жақсы. Бизнестің де көтерілуіне жақсы. Және де халыққа да осындай жеңілдік акция бар. Пандемияға қарсы вакцина салдырғандарға жеңілдік жасап, көлігін жудырғандарға 20 пайыз жеңілдік, май ауыстыру, шиномонтажға 10 пайыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде