Мүгедек балалар жәрдемақысы өсіріледі
Мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеліп отыр. Мүгедек балалардың барлық тобы бойынша жәрдемақы мөлшері 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін көтеріледі.
Автор: Ербол Тұрымбет
26.05.2021
1-топтағы балаларға – 65 860 теңге.
2-топтағы – 54 541.
3-топтағы – 48 000.
Мүгедек балалар асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақының екеуін де бір мезгілде алатын болады. Бұл 2 мыңнан астам баланың жәрдемақысын арттыруға мүмкіндік береді.
Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй алу үшін кезекте тұру құқы сақталамақ. Бұған дейін бала 18 жасқа толып кетсе, онда мүгедектігі бар адам ретінде қайтадан кезекке тұрып әуре болатын. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына кезектілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!