{metadescription}
Елордада жаңа спорт алаңдары мен демалыс орындары ашылды
Елордада жаңа спорт алаңдары мен демалыс орындары ашылды

Елордада жаңа спорт алаңдары мен демалыс орындары ашылды

Балаларға базарлық! Елордада ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы мұражайының жанындағы саябақта жаңа спорт алаңдары мен демалыс орындары ашылды. Саябақ енді 300 шаршы метр балалар алаңы, баскетбол алаңы, workoyt жаттығу алаңы мен өнерпаздар сахнасымен толықтырылды.

Игі іске Нұрсұлтан Назарбаев қоры себепші болып отыр. Қор директоры Дариға Назарбаева қоғам белсенділерімен бірге саябақты аралап шықты.

Саябақты қала әкімдігі былтыр ашқан. Бүгінде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып үлгерген. Нұрсұлтан Назарбаев қоры саябаққа бірнеше алаңқай орнатып шырайын келістіре түскен. Мәселен, концерт сахнасы бұрын саябақта болмаған. Қазір ол өнерпаз балалардың ортасына айналды. Ән шырқалып, би билейтін дарынды бүлдіршіндер өзіне осындай сыйлық жасаған жандарға дән риза.

Аумағы кең саябақта жасөспірімдердің спортқа деген әуестігі ескерілген. «Уоркаут» үлгісіндегі жаттығу алаңы саябақ демалушыларына қызмет етеді. Осы маңайда тұратын балалар енді баскетбол алаңын іздеп алысқа сабылмайды. Ойын алаңы барлық талапқа сай жасалған. Аяқтың астына дейін жұмсақ төсеніш. Тек допты ал да, ойнай бер. Ойын алаңы Дариға Нұрсұлтанқызын да қатты қызықтырды.

Саябақ жастар ғана емес, егде жастағылардың серуендеуіне таптырмас орын. Дариға Назарбаева сергіп отырған кісілерді айналып өте алмады. Олар да ойда-жоқта лауазымды тұлғамен кездесеміз деп күтпесе керек. Әсіресе ата-аналар мұндай кездесуді күтпесе керек. Көк майсаға бала-шағасымен жайғасып, оқу жылын ойдағыдай аяқтағанын атап өтіп жатыр екен. Құрметті қонағына нан ауыз тигізіп, осындай демалыс саябағы үшін алғысын жаудырды.  

- Дастарқанымыз әрқашан да осылай мол болсын! Тек жақсылыққа жайыла берсін!

Рақмет, демалыңыздар. Келіп тұрыңыздар.

- Қасымызға келгеніңізге көп рақмет!  

Көп ұзамай бұл жерде кофехана ашылуы тиіс. Серуендеушілерге ол да жағымды жаңалық.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының саябаққа сыйға тартқан балалар алаңқайы бүгін де бүлдіршіндерге толы. Немересін ойнатып тұрған әжейлермен амандасып өту де бір ғанибет.

Александр Бихерт, Назарбаев орталығының даму жөніндегі директоры: 

Қала тұрғындары игілігіне жарату үшін мұның барлығын Нұрсұлтан Назарбаев қоры қала әкімдігіне тапсырды. Былтыр қыста осында мұз айдынын салғанбыз. Ол алдағы қыста да болады, тіпті аумағын ұлғайтамыз. Ал келесі жылы жүгіру мен велосипед жолдарын салуды жоспарлап отырмыз. Әлбетте, оның бәрі қала әкімдігімен келісіледі.

Демалыс алаңдары бұнымен шектелмейді. Алдағы жылдарға да бірқатар шара жоспарланған. Бұл саябақ өзеннің арғы бетіндегі Тұңғыш президент саябағымен көпір арқылы байланыстырылуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде