{metadescription}
Қарағанды облысында құрылыс компаниясы жұмысшыларға 10 миллион қарыз
Қарағанды облысында құрылыс компаниясы жұмысшыларға 10 миллион қарыз

Қарағанды облысында құрылыс компаниясы жұмысшыларға 10 миллион қарыз

Қарағанды облысында құрылыс компаниясы жұмысшыларына 10 миллион теңгеден аса қарыз. Саран қаласының тұрғындары компания кеңсесіне жиналып, маңдай термен тапқан ақысын талап етті.

Константин Загорнов, Саран қаласының тұрғыны:  

- Бәріміз қиын жағдайда тұрмыз. Жарты жыл жалақысыз жүріп көріңіз. Су құбырының құрылысын жүргізіп жатырмыз, бірақ оны аяқтамаймыз. Жалақымызды бермесе жұмыс істемейміз. Ел бойынша 5 әлеуметтік нысан бізге қарап тұр.

Айлығын даулап келгендер баспана құрылысы және құбыр тартумен айналысқан. Құрылыс нысандары елдің әр өңірінде орналасқан. Негізгі жұмыс Қостанай облысында. Жалақысыз жүрген жарты жыл ішінде ішіп-жем мен коммуналдық төлемге белшеден қарызға батқан. Бас-аяғы 53 адам арызын арқалап еңбек инспекциясына да барыпты. Алайда шенеуніктер сотқа жүгініңдер деп жөн сілтеген. Ал жұмысшыларын жылатып қойған құрылыс компаниясының басшысы қарасын да көрсетпеді.

Еркін Баулықов Саран қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

- «Энергия» ЖШС жұмысшыларына қарыз болғаны жайлы хабардармыз. Арнайы комиссия құрып үш жақты келісссөз өткіздік. Фирма басшысы мәселенің бәрі қаражатқа тіреліп тұрғанын айтады. Әлі де кездесеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.