{metadescription}
Ақтөбеде Өзбекстан азаматы бес айда 147 рет жол ережесін бұзған
Ақтөбеде Өзбекстан азаматы бес айда 147 рет жол ережесін бұзған

Ақтөбеде Өзбекстан азаматы бес айда 147 рет жол ережесін бұзған

Ақтөбеде жол ережесін өрескел бұзған Өзбекстан азаматы елден қуылатын болады. Ыхтиярхатпен Қазақстанда тұрып жатқан ол айналдырған бес айда 147 рет жол ережесін бұзған.

Ақтөбе көшесінде ол жылдамдықты асырып жүйткігенді жақсы көреді екен. Бұлайша еркінсігені «Ураган-Мираж» жүйесіне тіркеліпті. Сол арқылы осы күнге дейін 3 миллион 300 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Жол ережесін бұзудан аймақта рекорд орнатқан шетелдік соңғы рет бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай өткенде ұсталып, ісі әкімшілік сотқа жіберілген. Енді айыппұлды толық өндіріп, еліне еріксіз қайтарылады.

Кәрім Махутов, Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы: 

- Тоқтатқан кезде мойындаған жоқ, "көлік айдаған мен емес" дейді. Бірақ біз құжатын тексергенде сол болып шықты. Өзбекстан Республикасының азаматы. Ол көлігімен 147 рет жол ережесін бұзған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде