Алматыда аспаздар дәрігерлерді тегін тамақпен қамтып жүр – Дегдар
Қауіптің бел ортасында жүргендерге қамқорлық. Алматыдағы аспаздар коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерді тегін тамақпен қамтып жүр. Игі шараны Қазақстан-Ресей медициналық университеті мен «Дегдар» қоры бірлесіп ұйымдастырған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.05.2021
Айжан Ахметова, Қазақстан-Ресей медициналық университеті асханасының әкімшісі:
- Аспаздарымыз таңғы сағат 7-ден келіп жұмысын бастайды. Сағат 12 жарымда осы жерден шығарып, сағат түскі бірде уақтылы жеткізіп отырамыз. Дәрігерлер інтетке қарсы ауыр жұмыс атқарып жатыр. Соған сәл де болса көмегіміз тисе дейміз.
Науқан осымен екінші рет өткізіліп отыр. Бұл жолы тағамдар ковид стационар қызметін атқарып келе жатқан қаладағы орталық клиникалық ауруханаға жеткізілуде. Вирусқа шалдыққан науқастармен тікелей байланыста болатын 350 дәрігер күнделікті түскі аспен қамтылады. Оларға ыстық тамақтан бөлек, тәтті бәліш беріледі әрі ас мәзірі күнделікті өзгертіледі. Қауіп аймағында қызмет етіп жатқан ақ халаттылар дән риза. Олар мұндай шараның қиын кезеңде өзіне күш-қуат беретінін айтады.
Самат Жарменов, Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының хирургия бойынша орынбасары:
- Арнайы киіммен кіріп, біздің кіші мейірбикелер болсын, орта мейірбике болсын, дәрігер болсын, сол киіммен 4-6 сағаттан жұмыс істейді. Ауа жетпейтін сәттер де болады. Қиын, көп сұйықтық жоғалтамыз, терлейсің. Халықтың алғысы бізге сондай бір ерекше күш береді. Одан сайын ізденіп, талпынып, күн-түн демей жұмыс істеуге дайынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!