Норвегия дипломаттары: Қазақстанның конфессияаралық тәжірибесі өзгеге үлгі
Бірлікті бекемдеп, келісімді нығайту қажет. Бүгін Қазақстан мен Норвегия дипломаттары этносаралық келісім жайында пікір алмасты. Пандемияға байланысты онлайн семинарды Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.05.2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі аясында өткен семинарда Қазақстандағы бейбітшілік және келісім, этносаралық қарым-қатынастың тұрақтылығы сөз болды. Шараға қатысушылар егемен еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін жіпке тізді. Норвегия дипломаттары көпұлтты мемлекетте барлығына тең мүмкіндіктің берілуі және әрбір этносқа деген құрметтің жоғары болуы өзгеге үлгі екенін қадап айтты. Қазақстанның конфессияаралық тәжірибесі жаһандағы сын-қатерлерге қарсы шешім табуда айрықша маңызды екенін жеткізді. Әсіресе еліміздің мәдениет, дін және өркениет диалогын дамыту жөніндегі бағытын барлығы қолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!