{metadescription}
Жаңақоныста жаңа салынған үйлерде коммуникация тартылмаған
Жаңақоныста жаңа салынған үйлерде коммуникация тартылмаған

Жаңақоныста жаңа салынған үйлерде коммуникация тартылмаған

Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Шенеуніктер коммуникация жүйесін тартуға асығар емес.

Жақында ғана газ құбырын тартуға тендер жариялап, кейін оны тоқтатып тастаған. Бұған ашынған жаңақоныстықтар облыс әкімдігінде наразылық ұйымдастырды.

Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жұмыстан сұранып, таң атысымен тайлы-тұяғы қалмай Ақтөбе облысы әкімігінің алдына жиналды. Мақсатықала шетіндегі ауылға әлі күнге ат ізін салмаған әкім-қараларды күтіп алып, мәселесін айту. Жаңақоныс-4 ауылынан кезекте тұрғындарға жер берерде әкімдіктегілер тез баспана тұрғызуды бұйырған. Коммуникацияны да бір жылда тартып береміз деп уәде етіпті. Бірақ қазір баспана бар, ал су, жылу құбыры жоқ.

Жұмабек Амантурин, Жаңақоныс-4 ауылының тұрғыны:

- Бізге екі жыл уақыт берді, үй салмасаңдар жерлеріңді тартып аламыз деді. -Рас  па?

- Рас, рас ...

 - Барымызды сатып, несие алып үй салдық. Үй тұрғызып қойдық. Не газ жоқ, не жарық жоқ. Біздің жанайқайымыз осы.

Осыдан төрт-бес жыл бұрын Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылынан мыңнан аса жер телімі берілген.  Содан бері 300-ге жуық үй салыныпты. Бірақ олардың көбісі қаңырап бос тұр. Өйткені тұрғындар көшіп келейін десе, коммуникация тартылмаған.

Тұрғындар қаңырап тұрған үйлеріне қыс бойы ұры-қарылар маза бермегенін айтады. Одан қалды баспаналары бола тұра, комуникацияның жоқтғынан қаңғып жүргеніне налиды.

Қарлығаш Қарманова, Жаңақоныс-4 ауылының тұрғыны:

Осы уақытқа дейін халықты тентіретіп, осылай иттей қылып қойды. Бала-шағамыз бар. Үй салғанмен, не үй сияқты емес, былай қарасаң. Далада отырған сияқтысың. Газ жоқ. Бірінші мәселе – газ. Суды адам тасып, бірдеме қылар. Газы, жылуы жоқ жерде қалай тұрады?

Бұл елдімекен Ақтөбенің Астана ауданына қарайды. Жаңақоныстықтар ауылға газ құбырын тартып берсе, қалған мәселені өзіміз шешерміз деп отыр. Бірақ әкімдер оған ақша жоқ дейді. Көгілдір отынға тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастапты.

Мамырғали Аққағазов, Астана ауданының әкімі:

- Тендер жарияланды. Бірақ сол мәселені республика бізден қабылдамады. Соның кесірінен тендерді тоқтаттық. Республикадан бөлінетін қаражат болмауына байланысты. Жергілікті бюджеттен қарастырылады.

Ауылға газ тартуға 200 миллионнан аса қаржы керек. Бірақ ол облыс қазынасынан биыл табыла қоятынын шенеуніктер айта алмайды. Сондықтан коммуникацияның Жаңақоныс-4-ке толық қашан тартылатыны әзір белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде