Ресейге мол есірткі жеткізбек болған Қырғызстан азаматын ит ұстап берді
Ресейге ірі көлемде есірткі алып өтпек болған Қырғызстан азаматы шекарада қолға түсті. Оның көлігінен 39 келі героин мен 100 келіге жуық гашиш табылған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.05.2021
Көрші елдің азаматының қылмысын иісшіл ит әшкерлеген. Батыс Қазақстандағы Сырым бақылау бекетіненен өткен әр көлік мұқият тексеріледі. Жүк машинасын Леди есімді ит айналшықтап шықпай қойған, бекер емес екен. Әккі айлакер ауыр техниканың артқы екі дөңгелегіне есірткіні нығыздап салып алған. Тауар тәркіленіп, тасымалдаушы қамауға алынды. Күдіктінің есірткі затын қайдан алып, кімге апара жатқаны және оның сыбайластары тексеріліп жатыр.
Әділбек Кереев, «Сырым» шекара бақылау бөлімшесінің бастығы:
- Ит машинаның артқы дөңгелегінде есірткі заты барын бірден сезді. Өйткені сол маңнан шықпай қойды. Дөңгелекті шешіп тексердік. Баллон ішінен полиэтилен пакетке оралған героин мен гашиш шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!