Парамен айыпталған Аягөздің экс-әкімі сотталды
Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласының пара алды деп айыпталған экс-әкімі төрт жарым жылға сотталды. Аудан соты Қуаныш Азыхановты өмір бойы мемлекеттік қызметтен аластатуға үкім кесті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
28.05.2021
Шенеунік мердігер мекемеден орындалмаған жұмыстардың актісіне қол қоюға 1миллион 200 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Ал мекеме табиғи апат салдарынан қирап қалған тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысуы тиіс болатын. Қаныш Азыханов қызмет кабинетінде қылмыс үстінде құрықталды. Бірақ қаражатты «қарызға алдым» деген қала басшысы сотта кінәсін мойындаған жоқ.
Экс-әкімнің ісі былтыр қыркүйек айында сотта қарала басталған. Тоғыз айда үш судья ауысып үлгерді. Сонымен қатар деректерді бұрмалағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің де тергеушілері жауапқа тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!