Темекінің заманауи түрлері де зиянды
Темекінің заманауи түрлері де зиянды. Елордада жұртты шылымнан бас тартуға шақырған көрме өтті. Оған себеп те бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде әрбір бесінші адам бір күнін темекісіз өткізе алмайды екен. Ал осы жаман дағдыға жастардың да көптеп бой үйретуі алаңдатарлық жағдай дейді мамандар.
Автор: Ербол Тұрымбет
31.05.2021
Бұл темекіге әбден тотыққан өкпенің түрі. Тек адамның емес, тәжірибе ретінде жануардың өкпесін алған. Улы түтінге булыққанда осындай күйге енеді. Яғни өкпе толық керіле алмай, ауаны молырақ жұта алмайды. Тіпті әр шетінен жыртылып, бейне бір шіріген қапшықтың күйіне түседі. Әрі өкпені осындай күйге түсіретін нағыз темекі ғана емес, қазіргі заманауи технологиямен жасалған гаджеттер де осыған әкеледі дейді мамандар. Алдымен өкпе шірісе, арты басқа да ағза мүшелерін істен шығарумен бітеді. Өкініштісі сол, қазір соған жасөспірімдер арасында қызығушылық артқан. Бір тал темекіден 7 мыңдай химиялық элемент табылған. Ал оның 70 пайызы канцерогендер, яғни қатерлі ісікке апаратын зиянды заттар. Ұйымдастырушылар көрмемі жақын күндері өзге қалаларда да өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!