{metadescription}
Қарағандыда саяжай тұрғындары көмір қаздыруға қарсы
Қарағандыда саяжай тұрғындары көмір қаздыруға қарсы

Қарағандыда саяжай тұрғындары көмір қаздыруға қарсы

Қарағанды іргесіндегі саяжай тұрғындары көмір қаздыруға қарсы. 200-ге тарта үй орналасқан жердің астында бір миллион тоннадай көмір қоры бар екені анықталған. Егер жерасты байлығын қаза бастаса, бау-бақшамыз құрдымға кетуі мүмкін дейді тұрғындар.

Светлана Абдулова, саяжай тұрғыны:

- Біз алдымен су жоғалып кете ме деп қорқамыз. Саяжай аумағында әрқайсысы 180 метрлік үш ұңғыма бар.Жерді қазса құбырымыз быт-шыт болады. Оларға көмір керек, біз не істейміз?

Бау-бақша бірлестігінің астында тонналаған көмірдің жатқаны ертеден айтылып жүр. Ал оны қазады екен дегенді ел көп елемей жүрген. Алайда жақында хабарлама алып, енді құзырлы орындарға шағымдана бастады. Олар мәселе суда ғана емес, қазба жұмысы басталса, саяжайдағы үйлердің қабырғасы қақырап, іргетасы сөгіледі дейді. Тіпті бау-бақшамыздан айрылып қаламыз деп отыр. Қазба байлығы бар телім «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Күзембаев кенішіне тиесілі. Ал жердің үсті саяжайшылар иелігінде. Кен қазатын  компания бұл жұмыс бір жылға ғана созылатынын айтады. Тіпті жерасты қазба жұмысы жер қыртысына еш әсер етпейді дейді.

Сергей Щуберский, «АрселорМиттал Теміртау»АҚ басқармасының техника директоры:

- Бұл жер кеніш аумағы. 1996 жылы 30 жылға кенөндіруге келісімшарт жасалған. 400 метр тереңдікте қазу алаңы кесіліп әзірленген. 800 тоннадай көмір алу көзделіп отыр. Терең қазылмайды, ондай қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде