{metadescription}
Өскеменде қатардағы жауынгер атылып өлді
Өскеменде қатардағы жауынгер атылып өлді

Өскеменде қатардағы жауынгер атылып өлді

Өскемендегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз атылып өлді. Қатардағы жауынгер Ілияс Айдосов басына тиген оқтан тілге келмей көз жұмған.

Қайғылы оқиға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әксери бөлімінде болды. Өзіне қол жұмсаған сарбаз бұл бөлімде келісімшартпен қызмет атқарған. 29-мамырда бекетте тұрған кезде өзіне бекітілген қарумен атылып өлген. Мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қылмыстық іс қозғалып тергеу жүргізіліп жатыр. Қатардағы жауынгердің өмірден баз кешуіне не түрткі болғанын анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде