{metadescription}
Екі туристі іздеуге Өзбекстан құтқарушылары қосылды – Түркістан облысы
Екі туристі іздеуге Өзбекстан құтқарушылары қосылды – Түркістан облысы

Екі туристі іздеуге Өзбекстан құтқарушылары қосылды – Түркістан облысы

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен екі туристі іздеуге  Өзбекстан құтқарушылары да қосылды. Олар көрші елдің шекарасы бойындағы өзен жағалауын сүзіп шығады. Бұған дейін тауда адасқан туристердің үшеуі табылып, тағы екі жігіттің өлі денесі Өгем өзенінен табылған еді.

Бүгін марқұмдарды туғандары жер қойнына тапсырды. Ал атыраулық Нұрдәулет Наурызбай мен Кентаудағы лицей түлегі Қуаныш Тоқтасыннан әлі хабар жоқ. Оларды іздеген тікұшақ Сайрам-Өгем ұлттық паркін толық шолып шыққан.

Үш күн бұрын Өгем өзенінен табылған Әлімжан Хайруллинді Ақтөбеде жерледі. 22 жастағы Назарбаев университетінің студенті отбасындағы жалғыз ұл екен. Туған өлкесіндегі білім-инновация лицейін «Алтын белгіге» тәмамдаған. Төрт жыл бұрын бітіріп кетсе де мектебімен байланысын үзбепті. Саяхатқа шығардың алдында лицейде болып, олимпиадаға қатысатын оқушыларға көмектескен. Әлімжанның қапыда қыршын кеткеніне жақындары әлі сене алар емес.

Алтынгүл Дүзімова, Ә.Хайруллиннің ұстазы:

- Осыдан он бес күндей бұрын кеткен еді осы жерден. Бірнеше рет кездескенбіз. Ауыр қайғыны естіген кезде төбемізден жай түскендей болды. Сегіз қырлы бір сырлы қасиеттің бәрі Әлімжанның бойынан табылған еді. Жолдастарының алдында сыйлы, өте қамқор болды.

Өгем өзенінен табылған екінші студенттің мәйіті Кентауға жеткізілді. Марқұм Абылай Тоқтасынмен саяхатқа інісі Қуаныш та бірге еріп шыққан. Кентаудағы білім-инновация лицейін биыл бітіретін оны құтқарушылар әлі іздеп жатыр. Шатқалда хабарсыз кеткендердің тағы бірі – атыраулық Нұрдәулет Наурызбай. Тікұшақ олар болған Сайрам-Өгем мемлекеттік паркін толық шолып шыққан. Енді іздеу жұмысына бүгіннен бастап Өзбекстанның да құтқарушылары қосылды. Олар көрші елдің шекара бойындағы Өгем өзенінің арнасын тексереді. Червак су қоймасына дейін қарап шығады.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД департаменті бастығының орынбасары:

- Өзбекстан республикасы Ташкент облысы төтенше жағдайлар бас басқармасының қызметкерлері де өз аумағында, шатқалдарды жаяу қарап шықты. Ұшқышсыз ұшу апараттарымен 170 км аумақ тексерілді.  

Жеті адамнан тұратын топ тура 10 күн бұрын ұлттық парктегі Сары-Айғыр шатқалына кеткен. Олардың алтауы Назарбаев университетінің студенті. Үш күн тауда түнеп келуді жоспарлаған. Бірақ қайтар жолда адасып, екіге бөлінеді. Қазір тәртіп сақшыларынан бастап парк қызметкерлері мен шекарашылар, құтқарушылар қалған екі туристі тірі деп үміттеніп, олар табылғанша іздеуді тоқтатпайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.