{metadescription}
Екібастұзда сал балалар орталығы заманауи құрылғылармен толық қамтылды
Екібастұзда сал балалар орталығы заманауи құрылғылармен толық қамтылды

Екібастұзда сал балалар орталығы заманауи құрылғылармен толық қамтылды

Екібастұзда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған «Әлем» оңалту орталығы заманауи құрылғылармен толықтырылып, ем-шара жасайтын кабинеттер ашылды. Кеңейген жаңа кешенде 100 жеткіншектің толыққанды емделуіне барлық жағдай жасалған.

Мерекеге орай мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті орталыққа арнайы барып, медициналық құрал-жабдықтар сыйлады.

Екібастұзда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған «Әлем» оңалту орталығы кеңейіп, кешенде емдеу шараларына қажетті жаңа бөлмелердің саны артты. Мерекеге орай «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» төрайымы Дариға Назарбаева мен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева орталыққа медициналық құрал-жабдықтар сыйлады.

Дариға Назарбаева, «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» төрайымы:

- Қазіргі заманда емделмейтін ауру жоқ. Әр аурудың емделетін жолы бар. Бірталай бала осы жерде жаңа өмір алады. Денсаулығы мықты болады. Қазақстанның азаматтары болып өз жолын тауып алатынына сенімдімін. Оған шыдамдылық пен сабырлық керек.

Оңалту кешенінің жаңа корпусында асхана, жаттығу залы мен бассейн бар. Мұнда психолог пен логопед бөлмесі де жұмыс істейді. Бұдан былай сал ауруына шалдыққан және жүйке жүйесі мен тірек-қимыл мүшелерінің ақауы бар 100 жеткіншек осы орталықтың шапағатын көрмек. Елордадан келген қонақтар орталық директоры Шаттық Сүйінішеваға табыс тіледі. Өйткені ол кешеннің жаңаруына сүбелі үлес қосқан жандардың бірі. 

Раушан Сәрсембаева,Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

- Осы жерге келген әр ана баласының емделіп шығатынына сенеді. Олардың өзге балалармен бірге қуанып, өмірдің қызығын көреді деп армандайды. Мен осы орталықтың басшысы Шаттыққа денсаулық, табыс және сәттілік тілеймін. Оның еңбегі зор.

Инновациялық технологияларға негізделген кешенде иппотерапия да қарастырылған. Яғни тақымнан жылу баланың саусағының ұшына дейін тарап, қан айналымын жақсартады. Соның әсерінен оны жүруге, сөйлеуге бейімдеуге болады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.