{metadescription}
Елордалықтар бес жылдан кейін қызыл шетенге қарық болады
Елордалықтар бес жылдан кейін қызыл шетенге қарық болады

Елордалықтар бес жылдан кейін қызыл шетенге қарық болады

Нұрсұлтандықтар бес жылдан кейін қызыл шетенге қарық болмақ. Бүгін жидек ағашының 30 көшеті Бейбітшілік пен келісім сарайы аумағына отырғызылды.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аллеясының ашылуына келген елшілер мен консулдар қолына күрек алып бірден іске кірісті. Ағаш отырғызып, суын құйып, жан-жағын қоршап қойды. Енді кеңеске мүше 27 елдің өкілі аллеяны күтіп-баптауға жауапты. Олар жұмыстан қолы қалт еткенде осында келіп тұрады. Кеңестің негізгі мақсат-міндеті де осы дауларды бейбіт жолмен реттеу, ынтымақтастықты нығайту. Кеңесті шақыру идеясы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры:

- 30 ағаш Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылында және болашақ жылы тойланатын Азия кеңесінің 30 жылдығы бәрі бір-біріне ұйқасымды түрде жалғасып тұр.  Жыл сайын кемінде бір рет келіп суарамыз. Егер жаңа мүше мемлекет немесе жаңа елшілер келіп жатса, олар да осы аллеяның әрі қарай ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде