{metadescription}
Алматы облысында қиыршық тас пен құм қымбаттаған
Алматы облысында қиыршық тас пен құм қымбаттаған

Алматы облысында қиыршық тас пен құм қымбаттаған

Алматы облысында құрылысқа қажет қиыршық тас пен құм қымбаттап кетті. Оның өзін ірі көлемде сатып алатын кәсіпкерлерге ғана өткізіп жатыр. Осының кесірінен карьердің басында ұзын-сонар кезек пайда болып,  өндіруші мен алыпсатарлар арасында жанжал туындап жатыр.  

Құрылыс қызған уақытта жүргізушілердің де жұмысы жанданатын. Себебі, қиыршық тас, жуылған құм мен балластқа сұраныс артып, оны карьерлерден үй-үйге тасып пайда тауып келген. Алайда биыл алыпсатарлар пайдадан қағылды. Өйткені тас-құм шығаратын компаниядан материал алу қиындап кеткен. 

Айбек Батырханов:

- Үлкен компаниялар келіп, бір үлкен карьердегі, қиыршық тастарды бір-ақ сатып алып, содан кейін Алматы қаласына жақын жерге апарып екі есе бағамен сатып жатыр. Мына жерден тапшы қылып. Ақшаларын алдымен берген де, алып алған. Енді мына жерде қарапайым жүргізушілерге материал жоқ.

Карьердегілер де тауарлардың бағасын негізсіз көтеруде дейді алыпсатарлар. Мәселен, бір айын бұрын ғана тоннасы 1200 бен 1300 теңге аралығында болған материал қазір 1600-ге дейін қымбаттапты. Соның салдарынан үй салып жатқан жұрт бұлардан құм мен тасты сатып алудан бас тартып жатыр екен.

Ғалым Оспанов:

- Қарапайым халыққа қиын болып жатыр. Бәріміз отбасын асырап отырмыз. Бала-шаға үшін жүрміз. 5-10 теңге табайық деп ойласақ, күнделікті бағасы өсіп жатыр. Соны қолға алатын құзырлы орындар болса.

Ал тас-құм шығаратын компаниядағылардың өз уәжі бар. Олар клиенттерді бөліп жармаймыз дейді. Ал бағаны көтеруге мәжбүрміз деп отыр. Өйткені өндіріс кезінде қолданылатын заттардың бәрі қымбаттаған.

Михаил Гусев, «Кеңтас» ЖШС директоры:

Қымбатшылық тауарлардың өзіндік құнының көтерілуіне байланысты. Соңғы кездері электр энергиясының да, дизель отынының да бағасы көтерілді. Металл құны шамамен 40 пайызға өсті. Ал біз жұмыс кезінде  металды көп қолданамыз. Біздің индустрия оның бағасына тікелей байланысты.

Карьер басшылары өндіріс кезінде қолданылатын заттардың бағасын түсірмесе, құрылыс материалдары да арзандамайды деп кесіп айтты. Ал алыпсатарлар бағаны билік басындағылар қадағаласа дейді.

Бәйтерек ауылында дәл осындай 10-нан астам карьер бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.