{metadescription}
Базарды шулатқан трансгендер: Іш киімімді көрсетуім керек пе? Құқығымды таптамасын
Базарды шулатқан трансгендер: Іш киімімді көрсетуім керек пе? Құқығымды таптамасын

Базарды шулатқан трансгендер: Іш киімімді көрсетуім керек пе? Құқығымды таптамасын

Қарағандының орталық базарында болған даудың мән-жайы анықталды. Ұялы телефон сатушылар жынысын өзгерткен трансгендерді базарға кіргізбеуді талап етіп шулаған.

Теңіз Сейіткәрім Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Кеше ұл ма, қыз ба , енді айту қиын. «Алтын арбаға» келіпті. Мұнда біздің бала-шағымыз жүреді. Қаншама қазақтың балалары, бізге, қазаққа жат қылық. «Алтын арбадан» шығарып жіберуге тырыстық. Жалаңаш жүреді, ашық шашық жүреді, сол үшін.

Трансгендерге ашуланғандар аянып қалмаған. Оның жеті атасынан тарта еске алғандар бұл қылығы шектен шыққанын айқайлап тұрып айтты. Жұдырық ала жүгіруге дайын адамдар көп болған соң, базардағылар полиция шақырған. Ал 23 жастағы Виктория Сорокинаға айналған ер адам базарға құрбыларына келген екен. Бұған дейін осы жерде шешесімен бірге сауда жасапты. Дегенмен тараптар полиция бөлімінде бір-біріне шағым түсірмей тарасқан. Базар басшылығы Виктория сауда орындарына емін-еркін келе беруіне болады дейді. Қызға айналған жігіт киім бутиктерін аралап, керек-жарағын аламын, ешкімнің сөзіне қарамаймын деп отыр.

Виктория Сорокина:

- Бұл өмірімде алғаш болған жағдай. «Сен еркексің ғой, мына жүрісің не?» - деп атылды. «Енді еркек емеспін» дедім. Оларға іш киімімді шешіп көрсетуім керек пе? Сонымен қатар мен еш жерде жүрмесін деген заң жоқ. Менің жеке құқығымды олай таптамасын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.