{metadescription}
Ақтөбеде үйлердің құрылысын бітіре алмаған компания тағы  іргетас қалауға кіріскен
Ақтөбеде үйлердің құрылысын бітіре алмаған компания тағы  іргетас қалауға кіріскен

Ақтөбеде үйлердің құрылысын бітіре алмаған компания тағы  іргетас қалауға кіріскен

Ақтөбелік үлескерлер тұрғын үй кешені құрылысының жобасын өзгерткендерге қарсы. Айналдырған екі үйдің құрылысын бітіре алмай отырған компания ауладан тағы бір ғимараттың іргетасын құймақшы екен.

Тұрғындар ертеңгі күні аядай жерде айналып жүре алмайтын боламыз деп ашынады. Онымен қоса жаңа қоныстарына қашан кіретіндерін әлі білмейді. Құрылыс басында шу шығарған үлескерлермен тілшіміз тілдесіп қайтты.

«Достар» деп аталатын кешеннің болашақ тұрғындары үй құрылысы аяқталмай жатып сапасына көңілдері толмай отыр. Жақында тіпті, ауладағы балалардың ойын алаңы мен көлік тұрағы болады деген жерді адам бойынан асатын құдық қылып қазғаны ашуларына тиген. Олардың сөзінше, құрылыс компаниясы жоспарды бұзып, ешкімнің рұқсатынсыз осы жерден тағы бір үйдің іргетасын құймақшы.

Хамит Рахметжанұлы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Үй дайын емес. Құрылыс біткен жоқ. Онымен қоймай үйдің үстіне, алдына тағы үй салып жатыр. Бұрын біз ақша төлегенде үйдің бас жоспары болған жоқ. Айналып жүре алмаймыз. Машина қоятын орын болмайды.

Меруерт Есеналина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Міне, бір адым жергетағы алаң салып, көлік тұрағына тағы үй салайын деп тұр. Екі үйдің арасы жиырма метр. Ол қалай? Екі подъезді үй болады дейді. Көтергенмен мен, ана терезеден мына тереземен көршіммен бір-бірімізге лақтырып отырамыз. Менің балам қай жақта ойнайды? Көлігімді қайда қоямын?

Құрылыс алаңына үлескерлерді жолатқысы келмейді. Басшылары қақпаның арғы жағынан әрең түсініктеме берді.

Нұрлыбек Бахтияров, құрылыс компаниясының қаржы директоры:

- Біздер ол үйді салайын деп жатқан жоқпыз. Біздер ол жерге қазаншұңқыр қазған себебі, өйткені, біздер топырақты тексеру үшін, суын тексеру үшін қаздық. Дәл ол үйдің алдына салмаймыз. Басқа жерге саламыз. Бірақ бізде заң жүзінде жиырма метр болу керек, екі үйдің арасы. Ал бізде 27 метр. Рұқсат бар оған салуға.

Басшының жауабына көңілі толмаған үлескерлер ақыры қақпаны бұзып кірді.

Қазылған құдықтың көлеміне қарап үлескерлер аңтарылып қалды. Енді олар құқық қорғау органдарына арызданбақшы. Ал кешенде бір үйдің құрылысынан осыған дейін кінарат табылған.

Қайсар Бұғыбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Салып жатқан екі ме, үш пе, қабатын көтергеннен кейін қабырғаларында жарық болды да, содан қайта бұзып, қайта салып жатыр. Бұл деген осы компанияның өте сапасыз жұмыс істейді деген дәлелі.

«Достар» деп аталатын тұрғын үй кешенінің құрылысы былтыр бітуі тиіс болған. Бірақ үлескерлер әзір қоныс тойын тойламайтын секілді. Өйткені мына ғимараттың өзінің құрылысы бірнеше рет сүріліп, қайтадан енді салынып жатыр.

Құрылыс сапасына көңілі толмаған кейбір үлескерлер бұл жерден баспана алудан бас тартып жатыр. Ақшаларын қайтарып алмақ болғандарға компания басшылары көк тиын бермеймін деп қайтарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде