{metadescription}
Шарында қаза тапқан мұғалім «Ерлігі үшін» медалімен марапаттталды
Шарында қаза тапқан мұғалім «Ерлігі үшін» медалімен марапаттталды

Шарында қаза тапқан мұғалім «Ерлігі үшін» медалімен марапаттталды

Балаларды Шарындағы селден құтқарамын деп қаза тапқан мұғалімді президент «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Жарлық мәтінінде «Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі үшін Алматы қаласы «№199 мамандандырылған гимназия мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын» деп жазылған.

Оқыс оқиға Шарын шатқалында 29-мамырда болды. Аяқасты нөсер жауыннан кейін шатқалда сел жүрген. Дәл сол күні №199 гимназияның сегіз оқушысы экскурсияға шыққан. Жеткіншектерді бес ата-ана мен үш мұғалім ертіп жүрген. Сел екі адамның өмірін жалмады. Бірі – оқушы, екіншісі мектеп ұстазы. Сел алып кеткен қыздардың бірін құтқарушылар келесі күні аман-есен тапқан болатын. Ал үш бала қазір түрлі жарақатпен ауруханада емделіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде