Тауда жоғалған студенттің сөмкесі табылды
Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен студенттердің біріне тиесілі сөмке табылды. Іздеушілерге үміт сыйлаған рюкзакты төтенше жағдай қызметкерлері Өгем өзенінің бойын шолып жүрген кезде байқаған.
Автор: Бек Әбиев
01.06.2021
Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бүгін Өгем өзенінің үстінен ағып барып ағашқа қыстырылып қалған туристтердің рюкзагы табылып, тікұшақпен көтеріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Анықталып жатыр.
Тікұшақпен әзер алынған сөмкенің қай туристке тиесілі екені және ішінде не бары әлі айтылған жоқ. Қос студентті іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 73 қызметкері мен 12 технкасы, шекарашылар, орманшылар мен полицейлер жұмылдырылған.
Көршілес Өзбекстанның мамандары да өз аумағында іздеп жатыр. «Қазавиақұтқарудың» екі тікұшағы тау мен өзен бойын күніге барлап жатқанымен, қос студент табылар емес.
21-мамыр күні тауға кеткен жеті студенттің үшеуі үйіне аман оралып, ал екеуінің мәйіті табылған, қалған екі саяхатшы із-түзсіз жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!