Ashyq жобасына қатысқандарға бірқатар жеңілдік беріледі
Ashyq жобасына қатысушылар арасында үздіктер анықталады. Оларға жұмыс істеу уақытын созу немесе мүмкіндігін кеңейту сынды жеңілдіктер берілмек. Денсаулық сақтау министрлігі Ashyq жобасына қатысушыларды арттыру үшін осылай ынталандыруға көшті.
Автор: Ербол ТҰрымбет
01.06.2021
Министр Алексей Цойдың айтуынша, Ashyq жобасына қатысушылар саны соңғы екі аптада 2 мың компанияға көбейіп, жалпы 8 мыңнан асқан. Ashyq қолданыла бастағалы бері ПТР-тест сынамасы арқылы ауру жұқтырғаны дәлелденген 3556 адам анықталыпты. Демек науқастар үйінде отырмайды, қоғамдық орындарға барып, одан қалды ел аралап жүр дейді министр. Қазір елде ковидтің таралуына үлкен септігін тигізіп отырған да осы жағдай екен. Сондықтан министрлік Ashyq жүйесінің тиімділігін ескере отырып, оған қатысушыларға жеңілдік жасайтынын мәлімдеді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау минитстрі:
- Қызмет саласына қарай екі апта ішінде қай нысанға қанша адам баратынын тіркеу арқылы жоба үздіктері анықталады. Бұл әдісте елорда мен басқа да республикалық маңызы бар қалалардың ерекшеліктері ескерілген. Ashyq жобасына туризм саласы мен білім беру және балаларды сауықтыру орталықтарын да қосу көзделіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!