{metadescription}
Елімізге қытайлық вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді – CoronaVac
Елімізге қытайлық вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді – CoronaVac

Елімізге қытайлық вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді – CoronaVac

Екпе қарқынын арттыруға мүмкіндік бар. Бүгін түнде қытайлық вакцинаның алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді. Алматыға арнайы бортпен әкелінген екпенің 500 мың дозасы жақын күндері жан-жаққа жөнелтілуі тиіс. Осылайша отандастарымыз QazVac, Hayat-Vax, Спутник-V- ден бөлек, енді CoronaVac-ты таңдай алады.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

- Вакцина бізде еліміздегі қоғамдық иммунитет қалыптастыруға арналған. Әрине, осы барлық вакциналармен бірге бірлесіп, бізде вакциналау жақсы деңгейде өтеді деп ойлаймын. Бізде Алматы қаласында қазір 300 мыңнан астам халық егілген.

Препаратты қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтика компаниясы шығарған. 500 мың дозаның әр облысқа нақты қаншадан бөлінетіні жөнінде әзірге денсаулық сақтау министрлігі ашып айтпады. Бірақ елдің барлық егу пунктерінде жақын арада қолжетімді боларына сендіріп отыр. Айта кетері, CoronaVac-та да, Sars-Cov-екідеде де антиген бар. Екінші компонент 14 пен 28 күн аралығында салынады.

Денсаулық сақтау министрлінің мәліметінше, бүгінге дейін вакцинаның 3 млн 200 мың дозасы пайдаланылған. Екпе пунктерінде вакцина әзірге жеткілікті. Бірінші компоненттің 330 мың, екінші компоненттің 711 мың дозасы бар. Маусым айының соңына дейін қосымша 2 млн доза елге жеткізілуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде