{metadescription}
Алматыда жұрт үйіне іргелес үйлердің салынуына наразы – Самал-2
Алматыда жұрт үйіне іргелес үйлердің салынуына наразы – Самал-2

Алматыда жұрт үйіне іргелес үйлердің салынуына наразы – Самал-2

Алматыда жұрт үйіне іргелес бой көтергелі жатқан жаңа көпқабатты баспананың салынуына наразы. Самал-2 ықшамауданы тұрғындарының айтуынша, бұрынғы мердігер ескі барақтың орнына шағын саябақ салуды уәде еткен. Алайда жердің жаңа иелері 25 қабатты төрт үй тұрғызбақшы.

Арасы тіпті 10 метрге де жетпейді. Ал заң бойынша бір-бірінен 80 метр қашық болуы тиіс. Онсыз да үйлері тығыз орналасқан ауданның жұрты бұған үзілді-кесілді қарсы.

Бір жылдан бері Самал-2 ықшамауданының тұрғындарынан маза қашқан. Талай жыл сабыла күткен аулаларындағы ескі барақтар сүрілгенімен, саябақтың салынбай қалатын түрі бар. Өйткені құрылыс иесі тұрғын үйлер арасындағы алақандай аумаққа тағы да көпқабатты баспана тұрғызбақ. Бұны естіген қараша халық ашуға булығып отыр.

Ақмарал Маралова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Құрылыстың барлық талабын бұзып жатыр. Мұнда көп қабатты 4 үйді бір-біріне жапсарластыра салады екен. Кішкентай жерге оның барлығын қалай сыйғызбақшы?! Біз сыртқа шығып емін-еркін жүріп-тұра алмай қаламыз. Құжатта көрсетіліп берілген уәде бойынша әлеуметтік нысан мен спорттық алаңқайлар салынса екен.

Саябақ салуды сұрап отырған тұрғындардың арасынан Мәжіліс депутаты да табылды. Халық қалаулысының қалауы да элиталы ықшамауданнан жұртшылыққа жайлы жағдай жасалу. Аядай жерге бірнеше үй салу заңсыз дейді.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

Жоспар үнемі өзгеріп отыруы мүмкін емес. Бұл жердің тұрғындарынын шулауына себеп бар. Мәселен, оқыс жағдай болса, өрт сөндірушілер мен жедел-жәрдем көліктері де кіре алмайды. Жекеменшікке, бизнесін жандандыру үшін емес, халыққа қажетті демалып отыратын орын мен балалар алаңқайын салу керек деп есептеймін.

Ал көпқабатты баспана салуға бекінген кәсіпкер қажетті құжаттың қолында екенін айтады. Қоршалған аумақты көрсеткен олар барақтар толық сүріліп біткен соң, бір ғана үйдің бой көтеретінін айтады.

Бақыт Рымжанов, Құрылыс компаниясының бас сәулетшісі:

- Сатып алған мекемелер, ғимараттарды біз алдымен жобасын жасаймыз. Сосын бұзуға, құлатуға құжаттарын ресми түрде рұқсаттарын алдық. 25 қабат деген мүлдем жоқ, ары кетсе 12 қабаттан болады. Оның өзінде оны жобамен анықтаймыз.

Сәулетшінің сөзін жауапты мамандар да растады. Алайда әлі қандай нысан салатынына қатысты рұқсат алмаған. Бұдан бөлек, бүгін қала құрылысына қатысты ережеге өзгерістер енгізіліп, бой көтеретін үйлердің арақашықтығы тағы нақтыланды. 

Алмасхан Ахмеджанов, Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы:

- Қала құрылысы іс-шараларына қатысушылардың барлығының пікірлері ескерілді. Сонымен бірге қойылатын негізгі талаптар сақталды. Енді үш-бес қабатты үйлердің арасы, кем дегенде 20 метр, 10-16 қабаттардан тұратын баспаналардікі 48 метр, ал 17 және одан жоғары қабаттардың арақашықтығы 80 метрге дейін алшақ болады.

Элиталы ауданданнан салынатын үйдің құрылысына 13 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланыпты. Дегенмен жұртшылық уәде етілген саябақты талап етуді тоқтатпаймыз деп отыр. Осылайша тараптардың тартысына әзірге нүкте қойылмайтын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде