{metadescription}
Қарағандыда студентке екі түрлі вакцинаны шатастырып салып жіберген
Қарағандыда студентке екі түрлі вакцинаны шатастырып салып жіберген

Қарағандыда студентке екі түрлі вакцинаны шатастырып салып жіберген

Қарағандыда енді екпе орталықтарында әр вакцина үшін жеке кабинеттер ашылады. Себебі: дәрігерлер алғаш рет  «ХаятВак» вакцинасын алған студентке «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін салып жіберген.

19 жасар студент қызбен оның әпкесі вакцинаның екінші компонентін алуға бірге келген екен. Сіңлісі екпеге кіріп шыққаннан кейін өзіне салынатын «СпутникV» екенін байқаған. Оған дейін екеуі де «Хаятты» алған. Анықтай келгенде студентке екінші компонентті «Спутниктен» салғаны әшкере болды. Қазір оның денсаулығы бірқалыпты. Студент қыз вакцинаны

Санкт-Петерборға оқуға барарда қиындық тумасын деп өз еркімен салдырыпты. Енді ол күн сайын өзінің денсаулығы жайында дәрігерлерді хабардар етуі шарт. Ал компонеттерді шатастырған медбике жазаланды.

Ирина Кузнецова, Қарағанды қаласы №1 емхана директорының орынбасары:  

- Қате жіберген медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолдандық. Ол екпе жұмыстарынан шеттетілді. Шатыстырмас үшін енді вакцинаның әр түріне жеке кабинеттер белгіленді. Ал екі түрлі вакцинаның компонеттерін алған Қарағанды қаласының тұрғыны біздің ерекше бақылауымызға алынды. Тіпті бұл жөнінде республикалық дәрігерлер консилиумын өткізуді жоспарлап отыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде