{metadescription}
Шымкенттегі Нұршуақ – жолсыз, сусыз, жарықсыз елдімекен
Шымкенттегі Нұршуақ – жолсыз, сусыз, жарықсыз елдімекен

Шымкенттегі Нұршуақ – жолсыз, сусыз, жарықсыз елдімекен

Шымкентте суы, жарығы, жолы жоқ тұтас шағынаудан бар. Нұршуақ елдімекенінің пайда болғанына 10 жылдан асса да, тұрғындар тіршілік нәрін шалғайдан тасып ішеді. Судан құрт шығып жатыр. Ал жолы жүруге жарамайды. Жарық та жекеменшік қосалқы станциядан беріледі екен.

«Бағасы қымбат, үп еткен желге өше береді» - дейді тұрғындар. Осыны айтып шулаған жұрт қала әкімдігіне бармақ болды. Алайда халық наразылығын естіген шенеуніктер өмірі аяқ баспайтын ауылға өздері жетіп келді.

Шымкент шетіндегі Нұршуақ шағынауданы шенеуніктердің бас сұқпайтын аумағы. Онысы елдімекенге кіреберістен-ақ байқалады. Ойқы-шойқы жолдың шаңы шығып, көлік әзер жүреді. Жарық деген көше түгілі көп үйлердің өзінде жоқ. Жел тұрса жекеменшік желілер үзіледі немесе қуаты төмендеп кетеді екен. Ашуға мінген тұрғындар ауылдағы асфальты бар жалғыз көшеге жиналды.

Жолдасбек Жаңбыршин, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Төрт-бес көшеде жарық бар.

- 33 теңгеден төлеп жатыр. Сапасы өте төмен. Сосын жарыққа да ауырлық  түсіп жатыр.  15 көше бар, бір-ақ пайызы асфальттталған.

- Оны қашан шешеміз дейді?

- Ол жол туралы жұмған аузымызды ашып жатқан жоқпыз, оған үміт те жоқ, сөздің ашығын айтсақ.

Басты мәселе – су. Әр үйдің алдында су жинауға арналған бөшкелер мен ыдыстар тұр. Атқамінерлер тарапынан аптасына бір мәрте жіберілетін суды осы цистернаға жинап алады. Ал онысы қоқысқа толы. Тіпті ішінен үнемі құрт шығады екен.

Мөлдір Мусинова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Балаларымыз жаз бойы инфекциялық ауруханада жатады. Осы саяжай бойынша. Әкімшіліктен қанша рет уәде берілді. Тұндырып барып ішеміз. Сүзгіден өткіземіз. Барынша ыстық боп тұрады. Бәрі құрт. Майда-майда, жасыл боп тұр ғой, міне. Ішінің бәрі сондай.

«Қарапайым қажеттілікке қолымыз жетпейді» деген тұрғындар бұл жолы жаппай қала әкімінің алдына бармақшы болған. Алайда жұрт наразылығын естіген шенеуніктер бұл жолы өздері жетіп келді.

Айтуларынша, жыл соңына дейін су да, жарық та болады екен. Бұған дейін қаржы болмады және жоспарлау құжатын енді жасаттық дейді атқамінерлер.

Абай Ашаев, Шымкент қаласы энергетика басқармасы басшысының орынбасары:

- Жоба құны 2,9 миллиард.

- Қанша абонентке?

- 6500 абонентке. Ақша қаралып қойған. Ақша тұр. Қазір мердігер жұмыс жасап жатыр. Екі-үш кезекте жұмыс істеп жатыр. Мына бетті бітірдік. Қазір ана бетін қазып жұмыс істеп жатыр. Жылдың соңына дейін қазып, су беру жоспарға қойылды.

Уәдені үйіп-төккендер жол мен көлік мәселесін де шешіп тастамақ екен. Су мен жарық тартылған соң шаң мен балшықтан арылмайтын көшелерге тасжол төселіп, қосымша автобус жүре бастайды дейді. Ал, шенеуніктердің сөзіне «соңғы рет сендік» деген ел уәде орындалмаса, мыңдаған тұрғын қала әкіміне бойкот жариялайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде