{metadescription}
Қаржы пирамидасын жарнамалайтын жұлдыздар жауапқа тартылуы керек
Қаржы пирамидасын жарнамалайтын жұлдыздар жауапқа тартылуы керек

Қаржы пирамидасын жарнамалайтын жұлдыздар жауапқа тартылуы керек

Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын танымал адамдар жауапсыз қалмауы тиіс! Бүгін мәжілісмендер Бас прокуратурадан осы мәселеге назар аударуды сұрады. Өйткені соңғы кезде жарнамамен алдап, аңқау елді заңсыз бизнеске ақша салуға итермелеп жүрген вайнер, блогер мен өнер жұлдыздары көбейген.

Юрий Ли, Мәжіліс депутаты:

- Егер криминалдық бизнестің жарнамасына қазақстандықтар жақсы көретін және сенетін атақты адамдар қатыспаса, материалдық шығынның мөлшері мен тартылған азаматтардың саны неғұрлым аз болуы мүмкін еді деп ойлаймыз. Бас прокурор Нұрдәулетов мырза, қаржы пирамидалардың жарнамасына қатысқан жұлдыздардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, не тартылмайтынын, егер тартылмаса, оған қандай себеп барын хабарлаңыз!

Әңгіме Astex.kz, ACD Technology және «Мудараба Кэпитал» компаниялары туралы. Бүгінде бұл қаржылық ұйымдардың басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Белгілісі, заңсыз бизнесті еліміздегі танымал адамдар жарнамалады. Мәселен, Баян Алагөзова және вайнер Мейіржан Төребаевтар.

Шоу-бизнестегілердің қаржы ұйымдарды жарнамалап халықты ақша салуға шақыруы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін қазақстандықтар әнші, блогер және спортшылардың айтуымен атышулы «Гарант24», «Estate ломбард» сияқты ұйымдарға инвестиция құйып алаяқтықтың құрбаны болған. Арам ойын іске асырғандардың кесірінен 18 мың адамның 22 миллиард теңгесі желге ұшты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.