{metadescription}
Қарағанды саябағындағы төбелес – Жаппай жазаланды
Қарағанды саябағындағы төбелес – Жаппай жазаланды

Қарағанды саябағындағы төбелес – Жаппай жазаланды

Жанжалдың соңы жабылуға әкелді. Қарағандыда ата-аналар орталық саябақта тегін әткеншекке таласып төбелес шығарған. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада жаға жыртысқандар мен соған себеп болғандар жаппай жазаланды.

Оларға бір жарым миллион теңгеге айыппұл салынды. Демалушылар қоғамдық орында ұзын-сонар кезек жасап, карантиндік талаптарды бұзған.

Кеше күндізгі сағат 12-ден кешкі 5-ке дейін төрт аттракционда ақысыз ойнауға мүмкіндік берілген. Тегінді пайдаланып қалуға асыққанда карантин талабы жайына қалыпты. Балаларын әткеншекке отырғызу үшін аналар ашуға булығып, бет жыртысуға дейін барған. Кішкентайлардың көзінше оғаш қылық көрсеткендерді куәгерлер видеоға түсіріп алды. Осылайша мерекеге арналған науқанның арты жаппай төбелеске ұласқан. Ақыры саябақтағы әткеншектердің жұмыс істеуіне уақытша тыйым салынды. Енді мұндай бассыздыққа жол бергендер де жазасыз қалмайды.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды қаласының әкімі:

- Орталық саябақтың басшысы жұмыстан шығарылды. Өйткені бұл тікелей соның жауапкершілігіндегі жұмыс болатын. Екі орынбасарым Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ, мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды. Ал маған қатысты шешімді облыс әкімі шығарады. Саябақта карантин талабын бұзған азаматтар мен кәсіпкерлерге де 1 жарым млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде