{metadescription}
Қарағандыда газ жарылып, 25 жастағы жігіт мерт болды
Қарағандыда газ жарылып, 25 жастағы жігіт мерт болды

Қарағандыда газ жарылып, 25 жастағы жігіт мерт болды

Қарағандыда газ жарылған пәтерді полицейлер жауып тастады. Кеше кешкілік болған апаттан 25 жастағы жігіт көз жұмған.  

Галина Рыжилкова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Екі рет дүңк еткендей болды. Теледидар көріп отыра бердім. Содан кейін ас үйде бірдеме құлағандай болды. Жүгіріп шыққаным сол еді, астаң-кестең болды да кетті. Кіреберіс есігім құлады. Көршілер айқайлап, «далаға шығыңдар» деп жатыр. Қашып шықтым.

Кейін апат ошағынан 25 жастағы жігіттің денесі табылды. Ол пәтерде ағасымен түрған екен. Көршілерінің айтуынша, олар ешқашан оғаш қылық көрсетпеген. Ал полиция апаттың себебін әлі айтпады. Дегенмен көршілері марқұм құлаған қабырғаларға жаншылып қалғанын айтады. Төтенше жағдайлар департаменті жарылыстан көпқабатты үйдің құрылымына зиян келмеді деп отыр. Апаттан кейін аудандағы он шақты үй орталықтандырылған газдан ажыратылып, көгілдір отын бүгін ғана берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде