{metadescription}
Маңғыстау облысында мал аштан қырылып жатыр
Маңғыстау облысында мал аштан қырылып жатыр

Маңғыстау облысында мал аштан қырылып жатыр

Маңғыстау облысында мал қырылып жатыр. Жем-шоптің жоқтығынан төрт түліктің бәрі арам қата бастаған. Осыған алаңдаған тұрғындар облыс көлемінде төтенше жағдай жариялау керек деп дабыл қағуда. Өйткені қуаңшылықтан шөп шықпай қалған.

Қарубай Алагөзов, шаруа:

- Бұрынғы жылдары сәуір, мамыр айында жем бермейтін едік. Жерде көк болатын. Биыл көк те болмай қалды. Қазір туған бойда жемдеп отырмыз. Енді жазда тағы жемдеп бастадық. Арғы жылы 9 миллион болса, төрт, бес айдың ішінде, қазір жыл бойы жемдейтін болдық. 18  миллион бөлінеді.

Далаға шөп пен су іздеп шыққан жылқылардың сіңірі шығып,қабырғасы қайысып құлап жатыр. Кейбір тұрғындар жерде жатқан жылқыларға қолымен су беріп әлек. Шаруалар Қамбар ата төлінің мұндай күйге түсуін көктемде жаңбыр жаумағанмен байланыстырып отыр. Соның салдарынан жерге шөп шықпаған әрі құдықтағы жерасты суы да тартыла бастаған. Жыл басынан бері өңірде 1400-ге жуық жылқы, қой, түйе арам өлген екен. Жем-шөп  бағасы да шарықтап кеткен. Қазір бір қап кебектің бағасы 2000, шөптің бір рулоны 16 000 теңгеге өскен. Сондықтан шаруалар мал азығын алуға мемлекет тарапынан көмек керек дейді. Ал әкімдік мәселені назарға алып, қаржы бөлінді деп отыр.

Аслан Сүйебаев, Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Облыс әкімінің орынбасары төрағалығымен арнайы штаб құрылып, қазір  штаб Ақтөбеге іссапармен жолданған. Мақсаты – екі облыстың арасында жем-шөп тасымалын ұйымдастыру. Маңғыстау облысының шаруа қожалықтарына Ақтөбе облысынан уақытша жайылымға жер беру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде