{metadescription}
Державинскідегі ракета шахтасынан қауіпті төрт мина табылды
Державинскідегі ракета шахтасынан қауіпті төрт мина табылды

Державинскідегі ракета шахтасынан қауіпті төрт мина табылды

Ақмола облысындағы Державинск маңындағы ракета шахтасынан танкіге қарсы қолданылатын төрт мина табылды. Мұнда 30 жыл бұрын Ресейдің 38-баллистикалық зымыран  дивизиясы орналасқан. Көп жыл бойы жер астында жатқан цилиндр тектес жарылғыш зат әлі де  қауіпті болып шықты.

Төрт минаның екеуін сол жерде жаруға тура келді. Өйткені олардың жарғыш құралдары сол қалпы сақталыпты. Цилиндр формалы миналарды зымыран дивизиясының шахталарын жауып тегістеп жатқан жергілікті коммуналдық шаруа жұмысшылары тауып алған. Абырой болғанда топырақ астында жатқан жарылғыш затты ешкім аяқпен басып, техника жаншып  кетпеген. Дереу полиция шақырылды. Табылған темір-терсек танкіге қарсы қолданылатын мина екені анықталды. Қазір мұндағы жұмыс тоқтатылып, аумақты арнайы мамандар тексеріп жатыр. Өйткені бұрынғы Степное әскери кенті маңында осындай қару-жарақ жатуы әбден мүмкін.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Төрт дана мина жер астында әбден тозып тот басқан. Кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін еді. Тасымалдау қиын, жаруға тура келді. Қалған екеуі сараптамаға жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.