{metadescription}
Маңғыстаулық шаруаларға Ақтөбе облысынан мал азығы жеткізіледі
Маңғыстаулық шаруаларға Ақтөбе облысынан мал азығы жеткізіледі

Маңғыстаулық шаруаларға Ақтөбе облысынан мал азығы жеткізіледі

Төрт түлігі қырылып жатқан маңғыстаулық шаруаларға мал азығы Ақтөбе облысынан жеткізілетін болды. Қос өңір арасындағы меморандум аясында Ақтөбе облысының Қобда ауданынан 10 мың гектар жер маусымдық шабындыққа берілді.

Асқар Аққұлов,Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары:

- Ниет білдіруші кәсіпкерлер болса, шабындыққа қатысты осы жерге келіп, шабындық жүргізіп, облысымызға шөп жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар. Тағы да сөйлесіп келеміз, осы жерде, осы ауданның төңірегінде техника бар.

Мал азығына қатысты құрылған арнайы штаб қазір Ақтөбе облысында іс- сапармен жүр. Келіссөз нәтжесінде Қобдадан бөлек Алға ауданы 15 мың мая шөп жібереді.

Байғанин, Темір, Ойыл, Мұғалжар аудандары шөп шабуға көмектесіп, қоспа жем, жем, жемшөп, астық қалдығын береді.

Маңғыстау облысында биыл құрғақшлықтан шөп шықпай, мал аштан қырылып жатыр. Жыл басынан бері өңірде 1400-ге жуық жылқы, қой, түйе арам қатқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.