Бір перзентке зар болғандарға жақсы жаңалық
Бір перзентке зар болып жүргендерге жағымды жаңалық. Биыл Алматыда жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінген қаржы екі есе көбейтілді. Қымбат қызмет түрі міндетті медициналық сақтандыру аясында қолжетімді болып отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
03.06.2021
Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры:
- Мысалы, 2020 жылы барлығы 643 шара жасалып, оған 563 миллион теңге төленген болса, биыл ЭКО бағдарламасына 1,1 млрд. теңге қарастырылған. Аталған сомаға 1238 жасанды ұрықтандыру жасалуы тиіс – қызмет көрсету көлемі екі есеге арттырылды.
Биыл бөлінген қаржының 434 миллион теңгесі жұмсалып үлгерген. Яғни төрт айда алматылық дәрігерлер 459 жасанды ұрықтандыру процедурасын жасаған.
Міндетті медициналық сақтандыру аясында коронавирусқа тегін тест тапсыруға да мүмкіндік бар. Биыл осы бағдарлама бойынша 115 мың ПТР- тесті жасалыпты. Оған қордан 933 миллион теңге төленген. Мамандар төрт айда жасалған тест саны мен оған бөлінген қаржы былтыр бір жылдағыдан асып кеткенін айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!