{metadescription}
Кеш шыққан ереже құрылысты реттей ала ма?
Кеш шыққан ереже құрылысты реттей ала ма?

Кеш шыққан ереже құрылысты реттей ала ма?

Алматыда құрылыс жүргізуге қатысты қабылданған жаңа ереже кімнің оң жамбасына келеді? Мәслихат мақұлдаған құжатта енді бес қабатты үйлердің арасы 20, ал 17 қабаттан жоғары бой көтеретін тұрғын үйдің арасы 80 метр болуы тиіс.

Ереже бекітілгенімен, шаһарда ол талапқа сай келмейтін қаншама құрылыс басталып кетті. Тұрғындар қалада бір қарыс жер қалмағанша қаулы қабылдамағанына наразы.

Саялы кешеніндегі тұрғындар енді саяны қайдан табамыз деп басы қатқан. Екі үйдің ортасында балалар алаңы болады деген жерде иін тірескен бес қабатты баспананың құрылысы басталып кеткен. Тіпті қаңқасы жартылай көтерілген. Жұртшылық жаңа ереженің сонда құрылысты тоқтатар қауқары жоқ па деп ашулы.

Рысбала Қалдыбекова, Алматы қаласының тұрғыны:

Мына жерге не салуға қарсымыз! Біздің үйдің төбесі түсіп жатыр, керегесінің арасы ашылып жатыр. Біз соған қарсымыз, бізге ешнәрсе керегі жоқ. Одан да бізге балалар алаңын салып берсін.

Онсыз да орталығында ине шаншар орны қалмаған Алматыда жаңа құжаттың жағдайды қалай реттейтіні түсініксіз. Өзгерісте бес қабатты үйлердің арасы 20, ал 10-16 қабаттылардың арасы 78 метр, 17 қабаттан жоғары тұрғын үйлердің қашықтығы 80 метр болуы тиіс.

Алмасхан Ахмеджанов, Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының бастығы:

- Бұл құжаттың негізгі мақсаты – сәулет құрылысын құқықтық тұрғыдан қадағалау. Бұдан былай қандай да бір құрылыс жоспарланатын болса, алдымен талқылануы тиіс. Мемлекет басшысының мегаполисті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай шыққан ережеде Алматының бірегей сәулет келбетін сақтауға басымдық беріледі. Бұл жаңа ережеде жазылған.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс ережелері қала мен тұрғындардың мүддесі үшін қабылданғанын алға тартады. Жұрт пікірі ескерілетінін де ескертті. Бірақ қоғам белсенділері жаңа құжаттың іс жүзінде жүзеге асырылуы қиын деген пікірде.

Салтанат Әшімова, қоғам белсендісі:

Біздің ойымызша, бұл ереже құжат күйінде қалады. Қалада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындар лек-легімен наразы. Оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жаңа ережені қабылдауға тура келген секілді. Бұл ережеге бола біз қанша жылдан бері күресіп келеміз? 20 жыл бұрын қажет болған кезде қабылдауы керек еді.

Қабылданған құжатта құрылыс компаниялары енді тұрғын үйден бөлек балабақша, мектеп салуға да міндеттеледі. Пәтер құны да соған сай құбылуы мүмкін. Өйткені шығын көбейген сайын пайдадан қағылғысы келмейтін компаниялар есесін клиенттерінен қайтарады.

Жалғас Жақыпов, құрылыс компаниясының өкілі:

- Кез келген жаңа ережені бәрібір теріс пікірмен қабылдайды. Қалай болса да икемделу керек. Басты қиындықосыған дейін қалыптасқан стандарттарымызды қайта қарап шығу. Оған уақыт керек. Енді жоспарлаған барлық жобаларымызды жаңа талапқа сай өзгертеміз.

Алматыда құрылысқа қатысты ереже 15 жылдан кейін ғана түбегейлі түзетулермен толықтырылды. Шаһар тіршілігіне алаңдағандар қанша жыл дабыл қаққанмен, тек қазір дегеніне жетті. «Ештен кеш жақсы» дегің ақ келеді. Бірақ жаңа стандартқа сай құрылыс жүргізетін орталықта орын қалмағанын ескерсек, ереже тек Алматы шетіндегі құрылысқа қан жүргізетін сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде