Ashyq енді банк қосымшаларына енгізіледі
Интернет сапасын жылдар бойы дұрыстай алмай жүрген министрлік, есесіне мерзімінен бұрын Ashyq жүйесін реттепті. Келесі аптадан бастап ковидқа қарсы вакцинаның екі бөлігін алғандар «жасыл» мәртебемен бір жыл жүре алады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
03.06.2021
Министрлік Ashyq қосымшасын смартфонға жүктемей-ақ пайдаланудың көзін тапқан. Егер жүйемен жұмыс істейтін орындарға бара қалсаңыз, eGov mobile қосымшасынан мәртебеңізді көрсетуге болады.
Ashyq жақын күндері банк қосымшаларына енгізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына да алдын ала кезекке тұрмай баруға рұқсат беріледі. Бірақ кезекті броньдау қызметі сол күйі қалады. Шешім нақты күшіне әлі енгізілмеген. Коронавирустың таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл ұсынысты қолдауы тиіс.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тез арада анықтама, қандай да бір құжатты бүгін алғысы келетін немесе маманның кеңесіне жүгінгісі келетін азаматтар бар. Олар орталықтарға броньсыз кіре алмайды, кірген күннің өзінде әр адам әртүрлі қызмет алғандықтан, бір адамға қанша уақыт қажет екенін анықтау өте қиын. Бронь қызметі негізі тиімсіздеу. Сондықтан мыңдаған адамға көмек көрсету үшін қосымша керек-ақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!